Қош келдің, Әз Наурыз! » ГККП Ясли сад № 35
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№35 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 301-02-72
Әдіскер:
+7(727) 301-02-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қош келдің, Әз Наурыз!
14
апрель
2019

Қош келдің, Әз Наурыз!

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз! Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Ашылуы

Жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен, Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем Жарығымен, шуағымен Күн - Ана Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Наурыз - қазақ халқының ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Жүргізуші:

Ұлыстың ұлы күнін, төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр, ендеше балабақшамыздың түлектері, мектепке даярлық тобы қыздарының орындауында «Гүл көктем» биін қарсы алыңыздар.

Қазақша Би «Гүл көктем»

Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Жүргізуші: Қош келдіңіз Ұлыс күні қазан толса Ол жылы ақ мол болар Ұлы кісіден бата алсаң Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.

(Қыдыр ата бата береді) Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата! Ал келіңдер қонақтар Досқа құшақ ашайық Өлең жырға басайық Қазақтың бір салты деп Тойға шашу шашайық! деп Осындай керемет батадан кейін балабақшамыздың меңгерушісі Сүлейменова Айгерім Қасымханқызына құттықтау сөзін береміз.

(ата-аналарды марапаттау)

Жүргізуші:

Әке шешем мақтаған,

Жарыс десе жайнаймын Намысымды қорғаймын.

Алғыр ұлың мен болам – демекші біздің спортты серік еткен ұлдарымыздың таэквандо жаттықтырушысы Сұлтаналиев Даурен мырзаға сөз береміз.

(балалар таеквандодан өнер көрсетеді)

Жүргізуші:

Ой, халайық, халайық Әсем әнге салайық Наурыз тойын көңілді Ән шырқап Бірге қарсы алайық – балабақшамыздың тәрбиешісі Жанерке Шайзадақызының орындауында әсем ән «Көздеріңе ғашықпын»

Жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.

Ән шырқап би билейтін қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп – келесі кезекте Туған жер атты аудандық «Балапан» конкурсында ІІІ орын алған «Мен қазақпын» биін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Балабақшамыздың бүлдіршіндерінің орындауында «Наурыз көктем» әнін қабыл алыңыздар!
Осыншама жақсылық, Алып келдің Наурызым! Төрлет бізге нұр болып, Шуақ шашып нұр жүзің! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!